Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңына сәйкес, Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
1. Қаражал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 шілдедегі IV сессиясының № 37 "Қаражал қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3948 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 17 қыркүйекте № 39 (818) "Қазыналы өңір" газетінде, 2016 жылғы 20 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялаған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, қалалық мәслихаттың хатшысы | З. Оспанова |