"Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 05/23 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 наурызда № 3714 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 13/79 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 27.04.2016 № 13/79 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына және Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 04/02 "Мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы" қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.С. Имамбайға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сәтбаев қаласы әкімінің
міндетін атқарушы
А.А. Идрисов

  Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2016 жылғы "16" ақпандағы
№ 05/23 қаулысымен бекітілген

"Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік - құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
       8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 101301, Сәтбаев қаласы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 108 үй.
       9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
       12. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
       Егер "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешу;
      этносаралық және конфессияаралық келісім саласында қоғамдық - саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру;
      Сәтбаев қаласы тұрғындарының әлеуметтік оптимизмін қалыптастыру, сонымен қатар, азаматтық қоғам институттарын қолдау және дамытуды жүзеге асыру;
      ақпараттық кеңестіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
       14. Міндеттері:
       қоғамдық-саяси тұрақтылықты, қоғамдық үрдістерді демократияландыруды, қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, азаматтық патриотизмде тәрбиелеу;
       бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне мониторинг жүргізу;
       қаланың сыртқы безендіруін үйлестіру және идеологиялық қамтамасыз ету.
      15. Функциялары:
       ішкі саясат саласында жергілікті мемлекеттік органдар жұмысын үйлестіру, ішкі саясат, этносаралық және конфессияаралық салалардағы мемлекеттік саясатты айқындайтын тұжырымдамаларды, бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
       ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау мен оған тәрбиелеу, азаматтық қоғам институттарының қатысуымен қалалық қоғамдық - саяси іс - шараларды өткізу;
       қаладағы қоғамдық - саяси үрдістерді және олардың даму тенденцияларын жан - жақты, объективті зерттеу, жинақтау және саралау;
       конституциялық принциптерді және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бойынша саяси партиялар, қозғалыстар және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс істеу;
       мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қала аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың қолданылуына мониторинг жүргізу;
       ел дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
       жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық - насихаттау жұмысын үйлестіру, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмысын жүргізу;
       мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын үйлестіру;
       бірыңғай мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру бойынша саяси партиялармен, қоғамдық және діни бірлестіктермен, кәсіби одақтармен өзара байланыс жасау.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
       мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрауға, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін мемлекеттік мекеме құзыретіне жататын сұрақтарды дайындауға тарту, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
       ішкі саясат саласындағы мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру жөнінде әкімге ұсыныстар енгізуге;
       тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, сондай - ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс - шараларға қатысуға;
       ішкі саясат саласының, адам құқықтарын сақтау және мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдық - әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетуге;
       қолданыстағы заңдарда көрсетілген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға;
       бағынысты мекемелердің қызметін үйлестіру;
       мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстың ұйымдастырушысы және бағдарламалардың әкімшісі ретінде шығуға;
       коммуналдық заңды тұлғаларды басқару органының қызметін жүзеге асыруға;
       коммуналдық мекеме қызметінің негізі мен мақсатын белгілеуге;
       коммуналды заңды тұлғалардың мүлкінің пайдалануы мен сақталуына бақылау жасауға;
       Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен белгіленген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
       18. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Сәтбаев қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
       19. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
       заңнамада белгіленген тәртіпте сәйкес "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
       заңнамаға сәйкес "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
       "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты ұйым басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босатуды келіседі;
       заңмен белгіленген тәртіпте "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жазаға тарту шараларын қолданады;
      бұйрықтар шығарады;
       барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
       мемлекеттік функцияларды атқаруға қатысы жоқ үшінші тұлғалармен байланыстарда "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғауға құқық беретін сенімхат береді;
       азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
       қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
       "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

       20. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
       "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
       21. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
       22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады