Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары С.С. Имамбайға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қаласы әкімінің м.а. | А.А. Идрисов |
Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 10/01 қаулысына қосымша |
2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы жан басына шаққанда қаржыландырудың бір айдағы мөлшері (теңгеде) | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңгеде) | |||||
Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар |
Мектеп жанындағы жарты | Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар |
Мектеп жанындағы жарты | Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндікшағын-орталықтар | |
Сәтбаев қаласы, Жезқазған кенті | 2 985 | 100 | 315 |
20 647 |
9 637 |
4 151 |
12 000 |
12 000 |