Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 маусымдағы 3 сессиясының № 40 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 30 маусымда № 3883 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 518 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 30.07.2020 № 518 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиындар, митингтер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 - бабына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі толықтырылып, қосымшаға сәйкес реттелсін.

      2. Саран қалалық мәслихатының 2007 жылғы 11 шілдедегі "Бейбіт жиындар, митингтер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібі туралы" № 603-1 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылы 06 тамызда № 8-7-48 болып тіркелген, 2007 жылғы 11 тамыздағы № 32 "Ваша газета" газетінде жарияланған).

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия торағасы К. Сатова
      Мәслихат хатшысы Р. Бекбанов

  Саран қалалық мәслихатының
2016 жылғы 23 маусымдағы
3 сессиясының № 40 шешіміне
қосымша

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу

      1. Басқа тұлғалардың құқықтары мен еркіндіктерін, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай - ақ көліктің, инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуі, жасыл желектер мен кіші сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ұсынылады:

      1) Саран қаласы мен Ақтас кенті аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер өткізуге арналған орындар:

      "Бартерный" дүкенінің алдындағы алаң, "Горняк" ықшам ауданы;

      Актас кентіндегі стадион, Бірінші май көшесі, 13, 2 - корпус.

      2) Саран қаласы және Ақтас кенті аумағында бейбіт шерулер, демонстрациялар өткізу үшін маршруттар:

      Кеншілер көшесі Жеңіс көшесінің қиылысынан Стадион көшесінің қиылысына дейін;

      Макаренко көшесі Жұмысшылар көшесінің қиылысынан "Горняк" ықшам ауданына дейін;

      Ковыльный көшесі Лихачев көшесінің қиылысынан Городской көшесінің қиылысына дейін.

      2. Қала әкімдігі басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтiнiш жасағандарға шараны өткiзудiң өзге уақыты, жерiн және маршрутын ұсынады.

      3. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу туралы өтініш, оны өткізуді белгілеген күннен бұрын 10 күннен кешіктірмей жазбаша нысанда беріледі.

      4. Өтініште іс - шараның мақсаты мен нысаны, өткізілетін орны немесе қозғалыстың маршруты, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қарастырылған қатысушылар саны, уәкілетті (ұйымдастырушылар) және қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жерлері жұмыс (оқу) орны, өтініш берген күні көрсетіледі.

      Өтініш беру мерзімі - Саран қаласы әкімдігінде тіркелген күннен бастап есептеледі.

      5. Осы Тәртіптің 3, 4 тармағы бұзылған жағдайда, өтініш берушіге жаңа өтініш беру жолымен жіберілген бұзушылықтарды қалпына келтіру ұсынысымен түсіндіру сипатындағы жауап беріледі. Жаңа өтінішті қарау мерзімі ол түскен сәттен есептеледі.

      6. Бас тартылған жағдайда ұйымдастырушыларға барлық дайындық рәсімдерін доғару және ол туралы ықтимал қатысушыларға тиісінше хабарлау бойынша жедел шаралар қабылдауы жазбаша көрсетіледі.

      7. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай - ақ қатысушылардың сөз сөйлеуі өтініштерде көрсетілген мақсаттарға сәйкес, белгіленген мерзімде және келісілген орында (көрсетілген маршрутта) өткізіледі.

      8. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу кезінде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай - ақ басқа қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтаулары керек. 

      9. Уәкілдер (ұйымдастырушылар) жиындар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларға әрекет етуге қабілетсіз және ішімдікке немесе есірткіге мас болған тұлғалардың қатысуына жол бермеуі тиіс.

      10. Уәкілдер (ұйымдастырушылар) және басқа қатысушылар жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларда ішімдік ішуге, есірткі, психотропты заттар тұтынуға, олардың баламаларын қолдануға, транспаранттар, лозунгтер пайдалануға, сондай - ақ қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыстар жасауға көпшілікті шақырып сөз айтуға, әлдекімнің атына қорлау сөздерін айтуға жол берілмейді.

      11. Уәкілдер (ұйымдастырушылар) және басқа қатысушылар жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларда тұлғалар түрін анықтауды қиындататын маскалар және басқа заттар пайдалануына жол берілмейді.

      12. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, егер: өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім болса, оны өткізудің Қазақстан Республикасының заңдылықтарында қарастырылған тәртібі бұзылса, сондай - ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп туындаса, қоғамдық тәртіп бұзылса Саран қаласы әкімдігінің өкілінің талабы бойынша шартсыз тоқтатылуы керек.

      13. Қоғамдық тәртіпті, сондай - ақ пикетке қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Саран қаласы әкімдігі үштен көп болмайтын дара пикетті бір күні, бір уақытта және бір орында өткізуге рұқсат беруі мүмкін.

      14. Қоғамдық тәртіпті, сондай - ақ пикетшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, әртүрлі дара пикетшілердің қатысушылары бір-бірінен кем дегенде 50 метр қашықтықта орналасады.

      15. Пикетке шығу кезінде пикет өтетін объектінің жанында тұруға, отыруға, көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға, қысқа ұрандарды шақыруға, пикет тақырыбында жарнамалық ұранды (өз дауысының мүмкіндіктерін пайдаланып) шақыруға жол беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады