Қосымша білім беру ұйымдары коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен жүзеге асырылатын жалпы білім беру қызметіне бағаны бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 3/2 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 наурызда № 3718 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 7/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 11.02.2019 № 7/01 (бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 156 бабы, 2 тармағына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымша білім беру ұйымдары коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен жүзеге асырылатын жалпы білім беру қызметіне бағаны бекіту.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары К. К. Тлеубергеновке жүктелсін.

      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі С. Аймаков

  Шахтинск қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 5 ақпандағы
№ 3/2 қаулысына
қосымша

Қосымша білім беру ұйымдары коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен жүзеге асырылатын жалпы білім беру қызметіне бағалары


 

Қосымша білім беру ұйымының атауы

Ақылы көрсетілетін білім беру қызметінің тізімі (үйірмелер, бөлімшелер, курстар)

1 үйірме үшін айына қосымша білім беру ұйымына ата-аналар төлемінің көлемі

1

"Шахтинск қаласы әкімдігінің Шахтинск қаласының білім бөлімінің балалар музыкалық мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны

1. Домбыра, баян-аккордеон, скрипка, хор, сыбызғы, эстрадалық өлең айту, "Алақай" ерте жастан музыкалық дамыту тобы
2. Фортепиано

2000 теңге
2300 теңге

2

"Шахтинск қаласы әкімдігінің Шахтинск қаласының білім бөлімінің Әубәкір Ысмайлов атындағы балалар көркемсурет мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны

1. Көркем-эстетикалық курстар

1700 теңге

3

"Шахтинск қаласы әкімдігінің Шахтинск қаласының білім бөлімінің Шахан кентінің балалар өнер мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны

1. Труба, туба, кларнет, саксофон, хор, домбыра, гитара
2. Фортепиано
3. Көркем-эстетикалық бөлімше

1700 теңге
2000 теңге
1400 теңге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады