1. Республикалық бюджеттің мақсатты трансферттері есебінен қаржыландырылатын Шахтинск қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын Шахтинск қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары К. К. Тлеубергеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Аймаков |
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы "22" 04 № 13/03 қаулысына 1-қосымша |
Республикалық бюджеттің мақсатты трансферттері есебінен қаржыландырылатын Шахтинск қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
*Ескерту: АЕК – сәйкес жылға заңнамамен бекітілген айлық есептік көрсеткіш.Шахтинск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы "22" 04 № 13/03 қаулысына 2-қосымша |