Қарабас кентіндегі көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданы Қарабас кентінің әкімінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 5-10/46 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 ақпанда № 3678 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағы негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып ШЕШІМ ЕТТІ:
      1.Қарағанды облысы, Абай ауданы, Қарабас кентіндегі көшелер келесідей:
      1) Школьная көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
      2) Строительная көшесі Құрылысшылар көшесіне қайта аталсын.
      2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3.Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қарабас кентінің әкімі Е. Төкебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады