Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 9-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекеме басшысы міндетін атқарушысының 2016 жылғы 6 қазандағы № 06-3-02-33/479 ұсынысының негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Құс (қаздар) арасынан сальмонеллез анықталуына байланысты, Үштөбе ауылдық округіндегі "Возрождение ХХI век" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Ветеринариялық-санитариялық, саулық және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Айганым Жолшоровна Акпановаға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Кобжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы" басшысы міндетін атқарушы |
_____________ М. Жанашев |
"10" қазан 2016 жыл