Ботақара ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара ауылының әкімінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 3 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 сәуірде № 3772 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Занның 14 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ботақара ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ботақара ауылындағы Киров көшесінің атауы – Тәттімбет көшесі болып, Ботақара ауылындағы Горького көшесінің атауы – Мұхтар Әуезов көшесі болып, Ботақара ауылындағы Юбилейная көшесінің атауы – Төле би көшесі болып, Ботақара ауылындағы Степная көшесінің атауы – Жеңіс көшесі болып, Ботақара ауылындағы Молодежная көшесінің атауы – Желтоқсан көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ботақара ауылының әкімі С. Тишкамбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады