Қарақұдық ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қарақұдық ауылының әкімінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 3 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 мамырда № 3835 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Занның 14 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қарақұдық ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарақұдық ауылындағы Центральная көшесінің атауы – Айділда Қыздарбеков көшесі болып, Қарақұдық ауылындағы Молодежная көшесінің атауы – Жұмабек Тәшенов көшесі болып, Қарақұдық ауылындағы Набережная көшесінің атауы – Ғабиден Мұстафин көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қарақұдық ауылының әкімі О. Дюсембекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады