Корнеевка ауылдық округіндегі көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Корнеевка ауылдық округінің әкімінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 3 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 маусымда № 3876 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Корнеевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Керней ауылындағы Буденный көшесінің атауы – Ақбұлақ көшесі болып, Керней ауылындағы Дмитров көшесінің атауы – Тәуелсіздік көшесі болып, Керней ауылындағы ДЭУ учаскесі Тракторная көшесінің атауы –Сарыарқа көшесі болып, Керней ауылындағы Заречная көшесінің атауы – Достық көшесі болып, Керней ауылындағы Калинин көшесінің атауы – Омар көшесі болып, Керней ауылындағы Первомайская көшесінің атауы –Бейбітшілік көшесі болып, Керней ауылындағы 2 Первомайская көшесінің атауы – Егемен көшесі болып, Алғабас ауылындағы Заречная көшесінің атауы – Достық көшесі болып, Алғабас ауылындағы Центральная көшесінің атауы – Мәдениет көшесі болып, Алғабас ауылындағы Школьная көшесінің атауы–Бейбітшілік көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Корнеевка ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
А. Жумкенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады