Жаңаарқа ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды анықтау туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 30/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 мамырда № 3774 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысы 2015 жылғы 27 наурыздағы "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" № 264 бұйрығына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жаңаарқа ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арнайы бөлінген орындар анықталсын.

      2. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 177 "Жаңаарқа ауданындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды анықтау туралы" қаулысының ( нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-12-111 болып тіркелген, 2011 жылғы 17 қыркүйктегі №40 (9464) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Юржан Асанұлы Бекқожинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Омаров

  Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 31 наурыздағы
№30/02 қаулысына
қосымша

Жаңаарқа ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арнайы бөлінген орыңдар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 20.06.2019 № 51/01 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

№ р/с

Елді мекенінің атауы

Орналасқан орны

1.

Атасу кенті

Тәуелсіздік даңғылы, 30 А, аудандық байланыс торабы ғимаратының алдындағы алаң

2.

Атасу кенті

Абай 31 көшесіндегі алаң

3.

Атасу кенті

Абай көшесі, 36, Тәуелсіздік саябағының алаңы

4.

Атасу кенті

С.Сейфуллин даңғылы, 13, "Мәдени сауық орталығы" ғимаратының алдындағы алаң

5.

Атасу кенті

С.Сейфуллин даңғылы 20, "Микроқаржы ұйымы" ғимаратының алдындағы алаң

6.

Атасу кенті

Ш.Уалиханов көшесі, 18Б, жеке кәсіпкер "Ж.Жумабаев" монша ғимаратының алдындағы алаң

7.

Атасу кенті

С.Сейфуллин даңғылы, 15а, орталық алаң

8.

Атасу кенті

С.Сейфуллин даңғылы, 61, теміржол вокзалы ғимаратының алдындағы алаң

9.

Атасу кенті

С.Сейфуллин даңғылы, 22, "Сұлтан" тойханасының алдындағы автотұрақ алаңы

10.

Қызылжар кенті

Даулетбеков көшесі, 14, вокзалдың алдындағы алаң

11.

Ақтүбек ауылы

Байтерек 14 көшесіндегі алаң

12.

Айнабұлақ ауылы

Достық көшесі, 11 ауылдың мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң

13.

Ақтау ауылы

Достық 8 көшесіндегі алаң

14.

Атасу ауылы

Тәуелсіздік көшесі, 5, ауылдың мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң

15.

Талдыбұлақ ауылы

Тәуелсіздік 2 көшесіндегі алаң

16.

Бидайық ауылы

Орталық 3 көшесіндегі алаң

17.

Ералиев ауылы

Орталық көшесі, 13, ауылдың мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң

18.

М.Жұмажанов атындағы ауылы

Сейфуллин 7 көшесіндегі алаң

19.

Ынталы ауылы

Тәуелсіздік көшесі, 2 орталық саябақтың алаңы

20.

Түгіскен ауылы

Ы.Жұмабеков көшесі, 48, ауылдың мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң

21.

Ынтымақ ауылы

Саябақ көшесі, 15, ауылдың мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң

22.

Орынбай ауылы

Мектеп көшесі, 7, ауылдың мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады