Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңына, және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, аудан тұрғындарына тауарды тежеу мақсатында Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арнайы немесе сауда жабдығымен жарақталған мамандандарылған транспорт құралдарын пайдаланумен автодүкен мен шатыр арқылы көшпелі сауда үшін арнайы бөлінген орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Юржан Асанұлы Бекқожинге жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Оспанов |
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 шілдедегі N 177 қаулысына қосымша |
Арнайы немесе сауда жабдығымен жарақталған мамандандырылған транспорт құралдарын пайдаланумен автодүкен мен шатыр арқылы көшпелі сауда үшін арнайы бөлінген орындар
N р/с | Орналасқан орны |
1 | Атасу кенті Абай көшесі 75 ("Диана" кафесінің алаңы) |
2 | Атасу кенті Абай көшесі 7 (коммуналдық базардың алаңы) |
3 | Қызылжар кенті Даулетбеков көшесі 14 (вокзал жанындағы алаң) |
4 | Ақтубек ауылы Байтерек көшесі 7 ("Ақжол", "Болашақ", "Баян" дүкендерінің алаңы) |
5 | Айнабұлақ ауылы (саябақтың орталық алаңы) |
6 | Ақтау ауылы Достық көшесі 8 |
7 | Атасу ауылы Тәуелсіздік көшесі 5 (мәдениет үйінің алаңы) |
8 | Ескене ауылы Бейбітшілік көшесі 2 |
9 | Бидайық ауылы Орталық көшесі 3 ("Жансерік" дүкенің жанындағы алаң) |
10 | Толағай ауылы (мәдениет үйінің алаңы) |
11 | Аппаз ауылы Сейфуллин көшесі 7 ("Мирас" дүкенің жанындағы алаң) |
12 | Ынталы ауылы (орталық саябақтың алаңы) |
13 | Түгіскен ауылы Достық көшесі (мәдениет үйінің алаңы) |
14 | Ынтымақ ауылы Саябақ көшесі 2 (мәдениет үйінің алаңы) |
15 | Орынбай ауылы Тәуелсіздік 7 (мәдениет үйінің алаңы) |