Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 37/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қаңтарда № 4084 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 03/13 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 12.01.2018 № 03/13 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабы 7), 8), 9) тармақшаларына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Нұра ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе атаанасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Нұра ауданының әкімі Н. Омарханов

  Нұра ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "22" желтоқсандағы
№ 37/02 қаулысына 1-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Нұра ауданы ұйымдарының тізімі


 

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің
тізімдік саны

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.
 

"Нұра аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

319
 

1
 

3
 

2.
 

"Нұра ауданының көпсалалы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

86

1

1

  Нұра ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "22" желтоқсандағы
№ 37/02 қаулысына 2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Нұра ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі

51

1

1

2.

"Нұра ауданының көпсалалы коледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

86

1

1

  Нұра ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "22" желтоқсандағы
№ 37/02 қаулысына 3-қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Нұра ауданы ұйымдарының тізімі


 

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1.
 

"Нұра аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

319
 

1
 

3
 

2.
 

Нұра ауданының білім беру бөлімінің "Балбөбек" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

40
 

1
 

1
 

3.
 

"Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі

55

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады