Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 04.03.2019 № 13/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8 бабы 1 тармақтың 3) тармақшасына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Шайжанов |
Осакаров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 15/02 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 07.02.2018 № 09/01 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Атауы |
1 | Тауарлар |
1.1* | Көмір |
2 | Жұмыстар |
2.1* | Ауданның мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарындағы, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарындағы бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын объектілерді (жүйелерді) салу (құрлысы) және (немесе) реконструкциялау |
2.2* | Ауданның мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарындағы, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарындағы бюджет қаражаты есебінен іске асатын кентішілік, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі, орташа, ағымды жөндеу. |
2.3* | Ауданның мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарындағы, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарындағы бюджет қаражаты есебінен іске асатын бар нысандарды күрделі жөндеу (жобалау – сметалық құжаттаманы әзірлеуді қоспағанда). |
2.4* | Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру |
*мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу электрондық сатып алу арқылы конкурс немесе аукцион тәсілімен өткізілетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылады.