Осакаров ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 4 наурыздағы № 13/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 наурызда № 5220 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Осакаров ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Е. Нұрмұханбетовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Кобжанов

  Осакаров ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "4" наурыздағы
№ 13/01 қаулысына
қосымша

Осакаров ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін анықтау туралы" № 15/02 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3756 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 мамырда № 19 (7503) "Сельский труженик" аудандық газетінде, 2016 жылғы 16 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Аудан әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы "Осакаров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін анықтау туралы" № 15/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 65/01 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4496 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 04 қаңтарда жарияланған).

      3. Аудан әкімдігінің 2018 жылғы 7 ақпандағы "Осакаров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін анықтау туралы" № 15/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 09/01 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4606 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 15 ақпанда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады