Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 мамырдағы 4 сессиясының № 55 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 маусымда № 3844 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 2/17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 31.03.2023 № 2/17 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарына сәйкес Осакаров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар әр мүгедек балаға ай сайын екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 13.03.2019 № 620 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Келесі шарттар белгіленсін:

      1) үйде оқытылатын мүгедек балаларға шығындарды өтеу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және мүгедек балаларға қатысты ата-анасының ата-ана құқығынан айырылған балалардан басқа) ата-анасының біреуіне және мүгедек баланың басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;

      2) шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап оқу жылының аяқталған айына дейін беріледі;

      3) шығындарды өтеу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      3. "Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (А.А. Тулеуова) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді қамтамасыз етілсін.

      4. "Осакаров ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Е.Е. Темиров) жергілікті бюджетте қарастырылған қаржы шегінде міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жоспарына сәйкес, мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді қаржыландыру бойынша мәселесі шешілсін.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат бойынша тұрақты комиссиясына (Н.С. Кобжанов) жүктелсін.

      6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Кенжибаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы К. Саккулаков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Осакаров ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
А. Тулеуова

      2016 жыл 18 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады