Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 31.03.2023 № 2/17 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарына сәйкес Осакаров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 18 мамырдағы 4 сессиясының № 55 "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3844 болып тіркелген, "Сельский труженик" газетінде 2016 жылғы 18 маусымда № 24 (7508), "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 маусымда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар әр мүгедек балаға ай сайын екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат бойынша тұрақты комиссиясына (В.В. Бережной) жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Д. Садвакасов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | К. Саккулаков |