Приозерск қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 маусымдағы III сессиясының № 3/29 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 шілдеде № 3894 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 39/400 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 24.06.2020 № 39/400 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне сәйкес, қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, Приозерск қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д. Дүйсембаев
      Қалалық мәслихат хатшысы Б. Сәрсембеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Приозерск қаласының жер
қатынастары, сәулет және
қала құрлысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
С.Т. Бұқпантаев

      2016 жылғы 21 маусымдағы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады