Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Приозерск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Сессия төрағасы | Д. Дюсембаев |
Қалалық мәслихат хатшысы | Б. Сарсембеков |
Приозерск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымы № 39/400 шешіміне қосымша |
Приозерск қалалық мәслихатының күші жойылды деп тануға жататын кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Приозерск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы XLVII сессиясының № 47/366 "Приозерск қаласының аумағына салық салу мақсаты үшін аймақтандыру сызбасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3625 болып тіркелген, 2016 жылы 05 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, "Приозерский вестник" газетінде 2016 жылғы 19 ақпандағы № 7/443 жарияланған);
2. Приозерск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 маусымдағы III сессиясының № 3/29 "Приозерск қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3894 болып тіркелген, 2016 жылдың 25 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, "Приозерский вестник" газетінде 2016 жылғы 22 шілдеде № 29/465 жарияланған);
3. Приозерск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы L сессиясының № 50/401 "Приозерск қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3710 болып тіркелген 2016 жылдың 29 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, "Приозерский вестник" газетінде 2016 жылғы 01 сәуірдегі № 13/449 жарияланған).