"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 842 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4860 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 15 ақпанда "Кызылординские вести", "Сыр бойы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген "Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
16-тармақтың 2) және 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"2) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
3) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;";
16-тармақ 6-1-тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;";
16-тармақтың 8-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"8) тексеруді Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыру;";
20 және 22-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады;";
"22. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді;".
2. "Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Сүлейменовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |