1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын, ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін арнайы білімі бар ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы "17" маусымдағы № 494 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын, ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін арнайы білімі бар ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.10.2016 № 598 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Ветеринария мамандары:
1) бірінші санаттағы, біліктілік деңгейі жоғары: ветеринар дәрігер, зертхананың ветеринар дәрігері, вирусолог, бактериолог;
2) екінші санаттағы, біліктілік деңгейі жоғары: ветеринар дәрігер, зертхананың ветеринар дәрігері, вирусолог, бактериолог;
3) санатсыз, біліктілік деңгейі жоғары: ветеринар дәрігер, зертхананың ветеринар дәрігері, вирусолог, бактериолог;
4) бірінші санаттағы, біліктілік деңгейі орташа: ветеринар фельдшер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник, асыл тұқымдық іс жөніндегі техник;
5) екінші санаттағы, біліктілік деңгейі орташа: ветеринар фельдшер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник, асыл тұқымдық іс жөніндегі техник;
6) санатсыз, біліктілік деңгейі орташа: ветеринар фельдшер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник, асыл тұқымдық іс жөніндегі техник.