1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 494 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5558 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылғы 21 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы "7" қазан № 598 қаулысына қосымша |
|
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы "17" маусымдағы № 494 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын, ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін арнайы білімі бар ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ветеринария мамандары:1) бірінші санаттағы, біліктілік деңгейі жоғары: ветеринар дәрігер, зертхананың ветеринар дәрігері, вирусолог, бактериолог;
2) екінші санаттағы, біліктілік деңгейі жоғары: ветеринар дәрігер, зертхананың ветеринар дәрігері, вирусолог, бактериолог;
3) санатсыз, біліктілік деңгейі жоғары: ветеринар дәрігер, зертхананың ветеринар дәрігері, вирусолог, бактериолог;
4) бірінші санаттағы, біліктілік деңгейі орташа: ветеринар фельдшер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник, асыл тұқымдық іс жөніндегі техник;
5) екінші санаттағы, біліктілік деңгейі орташа: ветеринар фельдшер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник, асыл тұқымдық іс жөніндегі техник;
6) санатсыз, біліктілік деңгейі орташа: ветеринар фельдшер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник, асыл тұқымдық іс жөніндегі техник.