Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 27.08.2021 № 346 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 338 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5382 нөмірімен тіркелген, "Кызылординские вести", "Сыр бойы" газеттерінде 2016 жылғы 15 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысуындағы мемлекеттің 100 пайыз үлесі, сондай-ақ, мүліктік кешен ретінде кәсіпорындар жекешелендірілсін.";
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы "12" шілдедегі № 525 қаулысына |
|
Қосымша | |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 338 қаулысымен |
|
Бекітілген |
Жекешелендірілетін коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысуындағы мемлекеттің 100 пайыз үлесі, сондай-ақ, мүліктік кешен ретінде кәсіпорындар тізбесі
№ п/п | Ұйымдар атауы | Іске асыру мерзімі | Жекешелендіру әдісі | Жекешелендіру түрі |
1. | Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | қыркүйек 2016 жыл | Тендер | Мүліктік кешен ретінде |
2. | "Қызылорда облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ұлттық спорт түрлері және бұқаралық сауықтыру-дене шынықтыру клубы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | қыркүйек 2018 жыл | Тендер | Мүліктік кешен ретінде |
3. | "Қайсар" Қызылорда облыстық футбол клубы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
қыркүйек 2020 жыл | Тендер | 100% қатысу үлесі |
4. | "Сыр медиа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
қазан | Тендер | 100% қатысу үлесі |
5. | "Қызылорда" өңірлік инвестициялық орталығы" микроқаржылық ұйымы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
қараша | Тендер | 100% қатысу үлесі |