Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 05.10.2022 № 643 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі және "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Заңдарына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жобаларға сараптама жүргізу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
"Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасына сәйкес сараптамалар жүргізу үшін;
жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бизнес-жоспарларға, жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасына сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлға болып айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық әкімдігінің 13.04.2018 № 1094 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Концессиялық жобалардың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 282 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5286 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қаңтарда "Кызылординские вести" және "Сыр бойы" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |