Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 643 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 қазанда № 30062 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 568 "Концессиялардың және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің кейбір мәселелері туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5596 болып тіркелген);

      Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 1094 "Концессиялардың және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 568 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6280 болып тіркелген).

      2. "Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Н. Налибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады