Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 05.10.2022 № 643 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына және "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Концессиялардың және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 568 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5596 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылғы 22 қыркүйекте және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 қыркүйекте жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. "Жобаларға сараптама жүргізу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
"Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасына сәйкес сараптама жүргізу үшін;
жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бизнес-жоспарларға, жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасына сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлға болып айқындалсын.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Е.Г. Кимге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы |
Қ. Ысқақов |