Көшені қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда қаласы Талсуат ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 6 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 06 мамырда № 5507 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 4 қорытындысына сәйкес Талсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылорда қаласы Талсуат ауылдық округінің Талсуат аулындағы "Мұнайшы" көшесі "Сардарбек Нұрмағамбетов" есімімен қайта аталынсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Талсуат ауылдық
      округінің әкімі Т. Мусабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады