"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 3 қорытындысы негізінде, Тасбөгет кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентіндегі атауы жоқ көшеге Ержігіт Бозғұловтың есімі берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тасбөгет кентінің әкімі | Ж. Алиев |