Көшеге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Майлыбас ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 03 шешімі. Қызылорда облысының Әдiлет департаментінде 2016 жылғы 04 мамырда № 5501 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 12 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес Қазалы ауданы Майлыбас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Майлыбас ауылдық округі, Байқожа стансасындағы атауы жоқ көшеге "Жалғасбек Байділдаев" атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Майлыбас ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Қ.Қартабаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округі әкімі Ә. Мәмбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады