"Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 01 ақпандағы № 19 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 ақпанда № 5373 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 95 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 11.05.2016 № 95 қаулысымен (14.05.2016 бастап күшіне енеді).
      “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. “Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 10 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4856 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 ақпанда “Әділет” құқықтық-ақпарат жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген “Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
      “2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері” деген бөлімде:
      15-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      “3) кедейшілік ауқымын қысқарту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу; ”;
      5) тармақша алынып тасталсын;
      16-тармақта:
      7), 8), 9) және 14) тармақшалар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      “10-1) әлеуметтік келісім-шарт негізінде көрсетілетін әлеуметтік көмек көрсету; ”;
      17-тармақтың 1) және 3) тармақшалары алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жалағаш ауданының әкімі Т. Дүйсебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады