Көшені қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мырзабай ахун округі әкімінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 06 маусымда № 5525 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына және Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 2 қорытындысына сәйкес Мырзабай ахун ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жалағаш ауданы Мырзабай ахун ауылдық округінің Мырзабай ахун ауылындағы “Ленин” көшесі “Әбділда Жүргенбаев” көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауыл әкімі Б. Ибраева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады