"Жаңақорған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 368 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 сәуірде № 5482 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 наурыздағы № 05-16/102 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 28.03.2017 № 05-16/102 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңына және “Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы” Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12705 нөмірімен тіркелген) сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған “Жаңақорған аудандық мәслихатының аппараты” мемлекеттік мекемесінің “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жаңақорған аудандық Жаңақорған аудандық
      мәслихатының кезектен тыс мәслихатының хатшысы
      LІІ сессиясының төрағасы
      С. Абдуллаев А. Налибаев

  2016 жылғы 18 наурыздағы № 368
Жаңақорған аудандық мәслихатының
шешімімен бекітілген

“Жаңақорған аудандық мәслихатының аппараты” мемлекеттік мекемесінің “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы “Жаңақорған аудандық мәслихатының аппараты” мемлекеттік мекемесінің “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
      2. Қызметшілердің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау қызметшінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
      1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
      2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.
      Қызметшіні бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда өткізілмейді.
      Әлеуметтік демалыстағы қызметшілерді бағалау жұмысқа шыққаннан кейін осы Әдістеменің осы тармағында көрсетілген мерзімде өтеді.
      4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және қызметшінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.
      Қызметшінің тікелей басшысы өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес бағынатын тұлға болып табылады.
      5. Жылдық бағалау:
      1) қызметшінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;
      2) қызметшінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан;
      3) айналмалы бағалаудан құралады.
      6. Жаңақорған аудандық мәслихат хатшысының өкімімен қызметшінің қызметін бағалауды өткізу үшін Бағалау жөніндегі комиссия құрылады.
      7. Бағалау жөніндегі комиссияның мәжілісі оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
      Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы өкімге өзгертулер енгізу арқылы Жаңақорған аудандық мәслихат хатшысының өкімі бойынша жүзеге асырылады.
      8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
      9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы болып “Жаңақорған аудандық мәслихатының аппараты” мемлекеттік мекемесінің кадр қызметінің қызметкері (бұдан әрі – Кадр қызметі) болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру

      10. Қызметші жұмысының жеке жоспары қызметшімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың бірінші қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады.
      11. Қызметшіні лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы қызметші жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.
      12. Қызметші жұмысының жеке жоспарына:
      1) қызметші туралы дербес деректерді (Т.А.Ә. (болған жағдайда), атқаратын лауазымы, қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы);
      2) қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкес оның жұмыс іс-шараларының атауы кіреді.
      Іс-шаралар қолжетімді, іске асатын, қызметші жұмысының функционалды бағытымен байланысады, нақты аяқтау нысанына ие болады.
      Іс-шаралардың саны мен күрделілігі “Жаңақорған аудандық мәслихатының аппараты” мемлекеттік мекемесі бойынша салыстыруда анықталады.
      3) қызметшінің және оның тікелей басшысының қолдары, жеке жоспарға қол қою күнін қамтиды.
      13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана Кадр қызметіне беріледі. Екінші дана қызметшінің тікелей басшысында болады.

3. Бағалауды жүргізуге дайындық

      14. Кадр қызметі Бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырды.
      Кадр қызметі бағалауға жататын қызметшіні және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау

      15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.
      16. Негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.
      17. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.
      18. Көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлері “Жаңақорған аудандық мәслихатының аппараты” мемлекеттік мекемесінің өз ерекшеліктеріне сүйеніп белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделілігін қосу тәртібімен бес деңгейлік шәкіл бойынша орналасады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.
      Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін қызметші тікелей басшыдан бекітілген шәкілге сәйкес “+1”-ден “+5” баллға дейін иеленеді.
      19. Айыппұл баллдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.
      20. Орындау тәртібін бұзуға:
      1) жоғары тұрған органдардың, “Жаңақорған аудандық мәслихатының аппараты” мемлекеттік мекемесі басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу;
      2) тапсырмаларды және бақылаудағы құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапасыз орындау жатады.
      21. Еңбек тәртібін бұзуға:
      1) дәлелді себепсіз жұмыста болмауы;
      2) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;
      3) қызметшілердін қызметтік әдепті бұзуы жатады.
      Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде Кадр қызметі, қызметшінің тікелей басшысы, әдеп бойынша уәкілдің құжатпен дәлелденген мәліметі болады.
      22. Әр орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қызметшіге әр бұзу фактісі үшін “-2” мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.
      23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, қызметші тікелей басшыға осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін жібереді.
      24. Тікелей басшы қызметшінің еңбек тәртібін бұзғаны туралы Кадр қызметі және әдеп бойынша уәкілдің берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.
      25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағы қызметшімен расталады.
      Қызметшінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Кадр қызметі және қызметшінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

5. Жеке жұмыс жоспарын орындауды бағалау

      26. Жылдық бағалауды өткізу үшін қызметші тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.
      27. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.
      28. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын қызметші растайды.
      Қызметшінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Кадр қызметі және қызметшінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

6. Айналмалы бағалау

      29. Айналмалы бағалау:
      1) тікелей басшыны;
      2) қызметшіге бағыныштыларды;
      3) тікелей бағыныштылар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымдарды атқаратын тұлғаларды (олар болған жағдайда) бағалау болып табылады.
      30. Осы Әдістеменің 29-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың тізімін (үштен аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай Кадр қызметі бағалау жүргізілгенге дейін бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      31. Осы Әдістеменің 29-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
      32. Толтырылған бағалау парақтары оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде Кадр қызметіне жіберіледі.
      33. Кадр қызметі айналмалы бағалаудың орта бағасын есептейді.
      34. Айналмалы бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

7. Қорытынды баға

      35. Қызметшінің тікелей басшысы қызметшінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:
      


      

– тоқсандық баға;
      a – көтермелеу баллдары;
      в – айыппұл баллдары.
      36. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады:
      80 баллдан төмен – “қанағаттанарлықсыз”
      80-нен 105 баллға дейін – “қанағаттанарлық”
      106-дан 130 баллға дейін (қоса алғанда) – “тиімді”
      130 баллдан астам – “өте жақсы”
      37. Кадр қызметі қызметшінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
      


      

– жылдық баға;
      

– есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).
      Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 36-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда: “қанағаттанарлықсыз” мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл, “қанағаттанарлық” мәнге (80-нен 105 баллға дейін) – 3 балл, “тиімді” мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл, “өте жақсы” мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;
      

– жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән);
      

– айналмалы бағалау (орта арифметикалық мән).
      38. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады:
      3 баллдан төмен – “қанағаттанарлықсыз”;
      3 баллдан бастап 4 баллға дейін – “қанағаттанарлық”;
      4 баллдан бастап 5 балға дейін – “тиімді”;
      5 балл – “өте жақсы”.

8. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      39. Кадр қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Кадр қызметі Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:
      1) толтырылған бағалау парақтарын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын (жылдық бағалау үшін);
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      40. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелері бекітілсін;
      2) бағалау нәтижелері қайта қаралсын.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса. Бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      2) Кадр қызметі қызметшіні бағалау нәтижесін санауда қате жіберсе;
      3) бірдей баға болған жағдайда бағалау нәтижелерін мәжбүрлі түрде саралау кезінде. Бұр ретте Комисси қызметшілердің қол жеткізген нәтижелерінің мәні, маңыздылығы және өлшемдестігін есепке ала отырып, бағалау қорытындыларын түзетуге құқылы.
      41. Кадр қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Кадр қызметі танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      42. Осы Әдістеменің 39-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы Кадр қызметінде сақталады.

9. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      43. Комиссия шешіміне қызметшімен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      44. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, “Жаңақорған аудандық мәслихатының аппараты” мемлекеттік мекемесіне Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      45. Қабылданған шешім туралы ақпаратты “Жаңақорған аудандық мәслихатының аппараты” мемлекеттік мекемесі екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.
      46. Қызметшінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.

10. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

      47. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.
      48. Бонустар “өте жақсы” және “тиімді” бағалау нәтижелері бар қызметшілерге төленеді.
      49. Қызметшіні оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша қызметшінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.
      Қызметші Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.
      50. “Қанағаттанарлықсыз” баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      51. Қызметшінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша “қанағаттанарлықсыз” мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, қызметші заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.
      52. Қызметшілерді бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

  “Жаңақорған аудандық мәслихатының
аппараты” мемлекеттік мекемесінің
“Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
Әдістемесіне 1-қосымша
Нысан

“Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс
жоспары

      _________________________________________________________жыл (жеке жоспар құрастырылатын кезең)
      Қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):______________________
      Қызметшінің лауазымы: _____________________________________
      Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
      ___________________________________________________________

№ р/с
Шаралардың аталуы*
Іс-шараның нәтижесі
1
Іс-шара
 
2
Іс-шара
 
3
Іс-шара
 
4

 

      Ескертпе:
      - шаралар мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.
      Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органға сәйкес келуі тиіс

Қызметші
Т.А.Ә. (болған жағдайда)_______
күні _______________________
қолы ____________________
Тікелей басшы
Т.А.Ә. (болған жағдайда)
_________________________________
күні ____________________________
қолы ________________________

  “Жаңақорған аудандық мәслихатының
аппараты” мемлекеттік мекемесінің
“Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
Әдістемесіне 2-қосымша
Нысан

Бағалау парағы

_____________________тоқсан_____жыл

(бағаланатын кезең)

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ___________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________
      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
      ___________________________________________________________________
      Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:

№ р/с
Қызметшінің өзін-өзі бағалауы
Тікелей басшының бағалауы
Ескерту
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер
Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер
Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер
Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер
Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер
1
 
 
 
 
 
 
 
2
 
 
 
 
 
 
 
3
 
 
 
 
 
 
 
 
Өзін-өзі бағалау нәтижесі:
Бағалау нәтижесі:
 

      
      Қызметші__________________ Тікелей басшы____________________
      Т.А.Ә. (болған жағдайда) _______ Т.А.Ә. (болған жағдайда) ________
      күні_______________________ күні_____________________________
      қолы______________________ қолы____________________________

  “Жаңақорған аудандық мәслихатының
аппараты” мемлекеттік мекемесінің
“Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
Әдістемесіне 3-қосымша
Нысан

Бағалау парағы

_________________________________________________ жыл

(бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ___________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________
      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
      __________________________________________________________________
      Жеке жоспарды орындау бағасы:

№ р/с
Аталуы
Маңызы
Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері
Басшының бағалау нәтижелері
Ескерту
1
Іс-шара
2-ден 5 ке дейін
 
 
 
2
Іс-шара
2-ден 5 ке дейін
 
 
 
3
Іс-шара
2-ден 5 ке дейін
 
 
 
4

 
 
 
 

      
      Қызметші__________________ Тікелей басшы____________________
      Т.А.Ә. (болған жағдайда) _______ Т.А.Ә. (болған жағдайда) ________
      күні_______________________ күні_____________________________
      қолы______________________ қолы____________________________

  “Жаңақорған аудандық мәслихатының
аппараты” мемлекеттік мекемесінің
“Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
Әдістемесіне 4-қосымша
Нысан

Айналмалы бағалау парағы

__________________________________________________ жыл

(бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ___________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________
      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
      _____________________________________________________________________

№ р/с
Құзіреттін аталуы
Маңызы
Баға (балл)
Тікелей басшы
1.
Бастамашылығы
2-ден 5 ке дейін
 
2.
Әрекеттестікке икемділігі
2-ден 5 ке дейін
 
3.
Қызметтік этиканы сақтау
2-ден 5 ке дейін
 
 
БАРЛЫҒЫ:
 
Бағынышты адам
1.
Жұмысты жоспарлай білу
2-ден 5 ке дейін
 
2.
Жұмысқа негіздей білу
2-ден 5 ке дейін
 
3.
Қызметтік этиканы сақтау
2-ден 5 ке дейін
 
 
БАРЛЫҒЫ:
 
Әріптесі
1.
Топта жұмыс істей білу
2-ден 5 ке дейін
 
2.
Қызметтік этиканы сақтау
2-ден 5 ке дейін
 
 
БАРЛЫҒЫ:
 

  “Жаңақорған аудандық мәслихатының
аппараты” мемлекеттік мекемесінің
“Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
Әдістемесіне 5-қосымша
Нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

______________________________________________________

(мемлекеттік органның атауы)

_____________________________________________________________

(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең (тоқсан және (немесе) жыл)

      Бағалау нәтижелері


р/с
Қызметшілердің Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Бағалау нәтижелері туралы мәлімет
Комиссиямен бағалау нәтижелерін түзету (бар болған жағдайда)
Комиссияның ұсыныстары
1.
 
 
 
 
2.
 
 
 
 
...
 
 
 
 

      Комиссия қорытындысы:
      ___________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      Тексерген:
      Комиссия хатшысы: _______________________ Күні: _____________
      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
      Комиссия төрағасы: _____________________ Күні: ____________
      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
      Комиссия мүшесі: _________________________ Күні: _____________
       (Т.А.Ә. (б

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады