Жаңақорған ауданы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 01 қарашадағы № 80 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 қарашада № 5649 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қаңтардағы № 132 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 23.01.2017 № 132 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 317 бұйрығына сәйкес Жаңақорған ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жаңақорған ауданы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өтінімді ұсыну мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылға 29 тамызда пайда болған құқық қатынастарына қолданылады.
      Жаңақорған ауданының әкімі Ғ. Әміреев

  Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "01" қарашадағы
№ 80 қаулысына қосымша

Жаңақорған ауданы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өтінімді ұсыну мерзімдері


 
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрі
Өтінім ұсыну мерзімдері
1
Күріш
29 тамыздан 5 желтоқсанға дейін
2
Дәндік жүгері, сүрлемдік жүгері
29 тамыздан 5 желтоқсанға дейін
3
Мақсары
29 тамыздан 5 желтоқсанға дейін
4
Күнбағыс
29 тамыздан 5 желтоқсанға дейін
5
Бақша
29 тамыздан 5 желтоқсанға дейін
6
Көкөніс
29 тамыздан 5 желтоқсанға дейін
7
Картоп
29 тамыздан 5 желтоқсанға дейін
8
Ағымдағы жылғы жоңышқа
29 тамыздан 5 желтоқсанға дейін
9
Өткен жылғы жоңышқа
29 тамыздан 5 желтоқсанға дейін

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады