"Жаңақорған ауданы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 қарашадағы №80 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қаңтардағы № 132 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 ақпанда № 5720 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңдарына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жаңақорған ауданы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 80 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5649 болып тіркелген, 2016 жылы 29 қарашада "Жаңақорған тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жаңақорған ауданының әкімі Ғ. Әміреев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады