2016 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 165 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 06 маусымда № 5527 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434 Заңының 8-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тапсырыс берушілер үшін "Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер айқындалсын.
      3. "Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Өмірсерікұлына жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ғ. Қазантаев

  Сырдария ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "23" мамырдағы
№ 165 қаулысына қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер

№ р/р
Атауы
1.
Тауарлар:
1)
жиһаздарды сатып алу (оларды сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген екі мыңнан бес мыңға дейінгі еселенген айлық есептік көрсеткіште болған жағдайда)
2.
Жұмыстар:
1)
Аудандық маңызы бар автомобиль жолының құрылысы
3.
Көрсетілетін қызметтер:
1)
лицензияланған бағдарламалық өнімді техникалық қолдау (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда)

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады