"Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 01 наурыздағы № 763 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 08 сәуірде № 5456 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 835 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 24.06.2016 № 835 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шиелі ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Сәрсенбаев

  Шиелі ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "1" наурыздағы
№ 763 қаулысымен бекітілген

"Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң Ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәсiпкерлiк, өнеркәсiп, туризм мен сауда қызметi салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтайшысы Шиелі ауданының әкiмдiгi болып табылады.
      3. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексi 120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентi, Т.Рысқұлов көшесi, № 6 А.
      "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс кестесi:
      1) дүйсенбі мен жұма аралығында 5 (бес) күн жұмыс істейді.
      2) жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін. Сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс.
      3) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
      10. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
      11. Осы Ереже "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi кәсiпкерлiк субъектiлермен "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiм" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы: ауданда кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм салаларын дамыту жөнiндегi саясатты жүргiзу.
      15. Мiндеттерi:
      1) кәсіпкерлік дамуын үйлестіруді қамтамасыз ету;
      2) өнеркәсіп салалары қызметін үйлестіру қамтамасыз ету;
      3) сауда, қоғамдық тамақтану кәсiпорындарының, қызметiн үйлестiру;
      4) туристiк қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
      5) ауданда шағын кәсiпкерлiктi дамытудың бағдарламасын және оны iске асырудың iс-шаралар жоспарын әзiрлеу және олардың орындалуын бақылау.
      6) заңнамамен жүктелген басқа да мiндеттердi орындау.
      16. Функциялары:
      1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асыру;
      2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау;
      3) өңiрде шағын кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз ету;
      4) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен, Қызылорда облысының кәсiпкерлер палатасының Шиелі ауданындағы филиалымен және нарықтық инфрақұрылым объектiлерiмен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;
      5) сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастыру;
      6) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
      7) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк емес тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағалары мөлшерiнiң сақталуына өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      8) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
      9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында туристiк қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру және үйлестiрудi жүзеге асыру;
      10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында туризмдi дамыту туралы ақпарат жинақтап, талдап және оны Қызылорда облысының кәсiпкерлiк және туризм басқармасына ұсыну;
      11) аудандық туристiк ресурстарды қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлеу және енгiзу;
      12) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында туристiк индустрия объектiлерiн жоспарлау және салу жөнiндегi қызметтi үйлестiру;
      13) балалар мен жастар лагерьлерiнiң, туристер бiрлестiктерiнiң қызметiне және өз бетiнше туризмдi дамытуға жәрдем көрсету;
      14) туристiк ақпаратты, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру;
      15) аудандағы туристiк маршруттар мен соқпақтардың тiзiлiмiн жүргiзу;
      16) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету;
      17) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асыру;
      18) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлеу;
      19) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативтерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      20) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативiне қол жеткiзу жөнiнде шаралар әзiрлеу және iске асыру;
      19) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;
      20) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетiн өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
      құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2) жеке және заңды тұлғалардың жолданған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
      заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
      қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      18. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне басшылықты "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң басшысын аудан әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi басшысының өкiлеттiлiгi:
      1) қызметкерлер арасында қызметтiк мiндеттердi және олардың жауапкершiлiк дәрежесiн үйлестiредi және бекiтедi;
      2) қызметкерлердi лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      3) заңда белгiленген тәртiппен қызметкерлердi көтермелеу және тәртiптiк жаза белгiлеу мәселелерiн шешедi;
      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшiн дербес жауапты болады;
      5) берiлген коммуналдық мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi;
      6) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн жеке қабылдауды жүргiзедi;
      7) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
      8) өз құзыретi шегiнде бұйрықтарға қол қояды;
      9) гендерлiк теңдiк стратегиясын жүзеге асырады.
      10) заңнамаларға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      11) "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiлiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Заңды тұлға мен мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның, заңды тұлға мен жергiлiктi атқарушы органның, заңды тұлғаның әкiмшiлiгi мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      22. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
      "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      23. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      25. Шиелі ауданының әкiмдiгi "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне берiлген мүлiктердiң сақталуын және тиiмдi пайдалануын бақылауды жүзеге асырады.
      "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiктi Шиелі ауданының әкiмдiгi қайтарып алуға немесе өзi құрған заңды тұлғалар арасында, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде басқа да түрлерi белгiленбесе, өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады