Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 213 "Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 09 наурыздағы № 69 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 сәуірде № 3003 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына, "Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы" 2015 жылғы 1 маусымдағы № 166 Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2753 болып тіркелген) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 213 "Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі Ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2155 болып тіркелген, 2012 жылы 29 қыркүйекте "Маңғыстау" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі Ережеде ( бұдан әрі - Ереже):
      1 тараудың 2 тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "бюджеттік бағдарламаның әкімшісі - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешенінде инновациялық тәжірибелерді әзірлеу, тарату және енгізу бойынша бюджеттік бағдарламаға әкімшілік ету жөніндегі функциялар жүктелген "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі";
      1 тараудың 2 тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      7) комиссия - өтінімдерді қабылдау/қабылдамау туралы шешім қабылдау үшін облыс әкімінің өкімімен құрылған жергілікті атқарушы органның жанындағы тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы орган. Комиссия құрамына облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, индустриялық-инновациялық даму, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларынан өкілдер, сондай-ақ Маңғыстау кәсіпкерлер палатасы мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері енгізіледі. Комиссия хатшысы оның құрамына кірмейді.";
      көрсетілген қаулының 8 қосымшасында:
      кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі" атынан, бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын, Ереженің негізінде әрекет ететін, ____________ бір тараптан, және бұдан әрі - Орындаушы деп аталатын, ___________атынан, Жарғының негізінде әрекет ететін __________ екінші тараптан, "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 20___ жылғы "___"_____ №____ шешімін басшылыққа ала отырып, инновациялық жобаны енгізу және тарату бойынша осы Шартты жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:".
      2. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Айдарбаев

      Маңғыстау облысының ауыл
      шаруашылығы басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Б. Ерсайынұлы
      "09" наурыз 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады