РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Ақтау қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С.Д.Тулебаева):
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды жүргізуді қамтамасыз етсiн;
осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастыруын және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Б.А. Кенжалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі С. Трұмов
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Ақтау қалалық білім бөлімі»
мемлекеттік мекеме басшысы
С.Д. Тулебаева
11 ақпан 2016 жыл
Ақтау қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 11 ақпандағы № 201
қаулысымен бекітілген қосымша
2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы топтар |
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны (жеке меншік, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) |
Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге) (жеке меншік, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) |
Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге) (жеке меншік, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) |
||||||||||||
Бала бақша |
Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын-орталықтар |
Мектеп жанындағы жарты күн болатын шағын-орталықтар |
Дербес толық күн болатын шағын-орталықтар |
Дербес жарты күн болатын шағын-орталықтар |
Бала бақша |
Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын-орталықтар |
Мектеп жанындағы жарты күн болатын шағын-орталықтар |
Дербес толық күн болатын шағын-орталықтар |
Дербес жарты күн болатын шағын-орталықтар |
Бала бақша |
Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын-орталықтар |
Мектеп жанындағы жарты күн болатын шағын-орталықтар |
Дербес толық күн болатын шағын-орталықтар |
Дербес жарты күн болатын шағын-орталықтар |
|
1-ден 3-ке дейінгі топтар |
375 |
1432 |
26206 |
28071 |
10731 |
10731 |
|||||||||
4-тен 5-ке дейінгі топтар |
300 |
25063 |
10731 |
||||||||||||
6-дан 7-ге дейінгі топтар |
507 |
23058 |
10731 |
||||||||||||
8-ден 9-ға дейінгі топтар |
21830 |
10731 |
|||||||||||||
10-нан және оданда артық топтар |
3330 |
22326 |
10731 |