Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №35/335 "Ақтау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау және әкету тарифтерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 38/380 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 сәуірде № 3028 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 13 қазандағы № 7/58 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 13.10.2021 № 7/58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабының 1 тармағына сәйкес және Маңғыстау облысының Әділет Департаментінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 10-11-111 ақпараттық хатының негізінде Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 35/335 "Ақтау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау және әкету тарифтерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2921 болып тіркелген, 2015 жылдың 31 желтоқсанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2015 жылғы 31 желтоқсанындағы № 238-239 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтерін бекіту туралы";

      2) 1 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтері қосымшаға сәйкес бекітілсін.";

      3) қосымшасының тақырыбы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтері".

      2. Ақтау қалалық мәслихаты аппараты басшысының міндетін атқарушы (Л.Сүйіндік) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б.Шапқан).

      4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С.Зәкенов
      Қалалық мәслихат хатшысы М.Молдағұлов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақтау қалалық тұрғын

      үй - коммуналдық шаруашылығы

      және тұрғын үй инспекциясы

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      Б.Ізғалиев

      "16" наурыз 2016 жылы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады