"Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 531 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 03 мамырда № 3037 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 01 тамыздағы № 1430 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды –Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 01.08.2016 № 1430 қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме басшысына (Е. Төретаев):
      осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларын қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ө. Бисақаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі С. Трұмов

  Ақтау қаласы әкімдігінің
  2016 жылғы "30" наурыздағы № 531 қаулысымен
  бекітілген

"Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген ретте тұрғын үй коммуналдық шаруашылық салаларындағы жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган болып табылады.
      2. Бөлімнің мынадай ведомствалары бар:
      1) Ақтау қаласы әкімдігінің "Ақтау электр желілері басқармасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық кәсіпорны;
      2) "Қала жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      3. "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 4 шағын аудан, 72 үй, қала әкімдігі ғимараты.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Ақтау қаласының әкімдігі болып табылады.
      11. Осы Ереже "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      14. Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: - қала тұрғындарының тіршілігіне қолайлы жағдай жасау.
      16. Міндеттері:
      қаланың тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы салаларын басқару мен реттеуде біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу.
      17. Функциялары:
      1) тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласында шаруашылық қызметін үйлестіру, қаланың мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтау;
      2) мемлекеттік тұрғын-үй қорын сақтауды ұйымдастыру;
      3) тұрғын-үй қорының түгендемесін жүргізу;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың кейбір санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін, соның ішінде сатып алу жолымен жер учаскелерін алу шараларын жүргізу және соған байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру;
      6) жерлеу орындарын ұстау шараларын жүзеге асырады және тексіздерді жерлеу;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, апат туғызушы және тозған тұрғын үйді құлату жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
      8) коммуналдық тұрғын-үй құрылысы бағдарламасын әзірлейді және оның орындалуын бақылау;
      9) тұрғын үй қорын есепке алу және жекешелендіруді жүргізу;
      10) коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау, тазалау, дренажды жүйелердің, кәріз, жылу және электр желілері нысандарын қайта жаңарту бағдарламаларын әзірлейді;
      11) қала аумағын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі шараларды ұйымдастырады;
      12) бөлімге азаматтардан келіп түсетін ұсыныстарын шағымдарын, өтініштерін уақытында және сапалы қарайды;
      13) Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілерінің талаптарын, бөлім туралы Ережені және "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бөлім басшысының нұсқауларын орындайды;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тексеру жұмыстарын жүргізеді;
      15) тексеріс кезінде тексеріліп жатқан объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі жасамау;
      16) тексеру нәтижесі бойынша алынған құжаттар мен мәліметтер сақталуын қамтамасыз етеді;
      17) тұрғын үй қорын сақтау ережелерінің талаптарын бұзғандығы жөнінде акт жасақтау;
      18) тұрғын үй қорын сақтау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдардың міндетті орындалуы үшін тапсыру;
       "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқығы бар:
      1) мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалардан ақпаратты сұрауға және алуға;
      2) коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын құпияны есепке ала отырып, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына қатысты құжаттармен кедергісіз танысу;
      3) қаржы жылына сәйкес, қалалық бюджетті қалыптастыру мәселелері туралы мәжілістерге қатысу;
       4) Әкім және әкімдіктің актілерін әкімдік отырысында қарау мақсатында жобаларын дайындау, анықтамалар жасау, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бойынша ақпараттар мен баяндамалар жасау;
      5) мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын пайдалану барысында мемлекеттің құқығы мен мүддесін сақтау;
      6) коммуналдық меншіктегі тұрғын үй қорын пайдалану;
      7) сотта талапкер және жауапкер болуға;
      8) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін, "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
      "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі міндетті:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
      2) белгіленген тәртіпте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға.

3. "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      19. "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      20. Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақтау қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
      1) "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды;
      2) "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
      3) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;
      5) өз құзыретінің шегінде "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      6) мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындардың бос басшы лауазымына конкурс өткізген кезде, қала әкімдігінің конкурс комиссиясы жұмысына қатысуға құқығы бар;
      7) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, шарт жасайды және сенімхат береді.
      "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
      "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының құзырына Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн.
      "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi

      22. "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
      "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      25. "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу Ақтау қаласы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.
      26. "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады