Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 16.04.2021 №2/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 07.02.2018 № 13/146 шешімімен( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 2-3 тармағына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 және 50 баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы"(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде 72682 болып тіркелген) қаулысына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сөйкес қалалық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ы. Көшербай) жүктелсін.
5. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Б.Түркпенбаева |
Қалалық мәслихат хатшысы | М.Молдағұлов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ақтау қалалық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Г. Хайрлиева
"3" қараша 2016 жылы
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ақтау қалалық экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А. Ким
"3" қараша 2016 жылы
Ақтау қалалық мәслихатының | |
2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 шешімімен бекітілген |
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы", 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" және 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11745 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 19.06.2020 № 32/375 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы Қағидалар әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасының тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткерадамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша қала әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төменгі күнкөріс деңгейі –Маңғыстау облысының статистика департаменті есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган – "Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган);
8) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Уәкілетті ұйым);
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Ақтау қаласы әкімінің шешімімен құрылған комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Осы Қағидаларда қолданылатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мазмұнында қолданылады.
Ескерту. 3 - тармаққа өзгерістер енгізілді Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 29.11.2018 № 20/218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2020 № 32/375 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен4. Осы Қағидалар Ақтау қаласында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тұлғаларына қолданылады.
5. Әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдарымен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – Алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай және заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 07.02.2018 № 13/146 шешімімен( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жылына 1 рет) көрсетіледі.
6-1. Заттай нысандағы әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жеткізушілерді (бұдан әрі – Жеткізушілер) уәкілетті орган анықтайтын қызмет көрсету арқылы ұсынылады.
Ескерту. Шешім 6-1 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 07.02.2018 № 13/146 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі және әлеуметтiк көмек көрсетудiң еселiгi осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
8. Атаулы күндері мен мереке күндеріне әлеуметтік көмегінің мөлшерлері және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес айқындалады.
9. Учаскелік және арнайы комиссиялар Маңғыстау облысы әкімдігімен бекітілген ережелер арқылы өз қызметтерін атқарады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
10. 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды үйде оқуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек өтініш бойынша, табыс есебінсіз, ай сайын, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
Ескерту. 10 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 19.06.2020 № 32/375 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.11. Уәкілетті ұйымнан әлеуметтік төлемдер алмайтын,әлеуметтік маңызды аурулары бар: паллиативтік ем алуға мұқтаж онкологиялық науқастар, мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық мекемеден шығарылған, туберкулезден қолдаушы фаза емін алып отырған азаматтар, иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырып алған тұлғаларға өтініш бойынша емделу және қосымша тамақтандыруға,табысын есебінсіз, 26 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде,біржолғы әлеуметтік көмеккөрсетіледі.
11-1. Әлеуметтік көмек адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырып алған балаларға өтініш бойынша емделуге және қосымша тамақтандыруға,табысын есебінсіз, Қазақстан Республикасы бойынша кемінде 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.
Ескерту. Шешім 11-1 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 19.06.2020 № 32/375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.12. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен тұлғаларға әлеуметтік көмек өтініш бойынша, өмірлік қиын жағдай туындаған кезден 6 айдан кешіктірілмей, табыс есебінсіз, біржолғы, 50 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі.
13. Өтініш берген тоқсан алдындағы Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің еселік шамасы 1,5-нан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасыдан шыққан тұлғаларға өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек өтініш бойынша біржолғы, тұрмыстық қажеттіліктерге 40 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі.
14. Қазақстан Республикасының оқу орындарында(интернатура мен резидентура тыңдаушылары, сондай-ақ дәрігерлер еңбек әулеттерінің үшінші буындағы студенттерінен басқа) бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін білім беру қызметіне ақы төлеуге күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобы ішіндегі студенттерге, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіп кешені, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт, бұқаралық апқпарат құралдары және коммуникациялар мамандарымен қамтамасыз ету үшін, өтініш берген уақыттың алдыңғы 12 айға, Маңғыстау облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейінің 3 еселік шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасыларға ұсынылады.
Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін білім беру қызметіне ақы төлеуге күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын мүгедек студенттерге өтініш берген уақыттың алдыңғы 12 айға, Маңғыстау облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейінің 3 еселік шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасыларға ұсынылады.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жоғары оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін білім беру қызметіне ақы төлеуге күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын дәрігерлер еңбек әулеттерінің үшінші буындағы студенттеріне әлеуметтік көмек табысы есебінсіз ұсынылады.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын ("Стоматология" мамандығынан басқа) интернатура студенттеріне, резидентура тыңдаушыларына әлеуметтік көмек, табысы есебінсіз, жасалған Арнайы шарт негізінде ұсынылады.
Арнайы шарт Ақтау қаласы бойынша мамандықтарға сұраныс болған жағдайда, жас мамандар бес жыл ішінде мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарда еңбекпен өтеу үшін, "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің келісімі бойынша жасақталады.
14-1. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары өңірлердің кадрларға қажеттілігі ескеріле отырып, талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқу нысандары бойынша ЖОО-да оқу үшін мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша сертификаттар баллдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.
Ескерту. Шешім 14-1 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 03.10.2017 № 10/117 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).14-2. Алынып тасталды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 19.06.2020 № 32/375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
15. Студенттерге әлеуметтік көмек оқу орындары көрсететін білім беру қызметі мөлшерінде бір жолғы төлемнен, сонымен қатар 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік көмектен тұрады.
Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдарында ашылған жеке шоттарына жіберіледі.
15-1. Шипажайлық - курорттық емделу Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, олардың жесiрлерiне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек еткен және әскери қызмет өткерген азаматтарға табысы есебінсіз шипажайлық - курорттық жолдама беру арқылы (бұдан әрі − жолдама) ұсынылады.
Ескерту. Шешім 15-1 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 07.02.2018 № 13/146 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).15-2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, тұрғын үйді күтіп ұстауға әлеуметтік көмек, табысы есебінсіз ай сайын нақты шығын мөлшерінде ұсынылады.
Ескерту. Шешім 15-2 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 07.02.2018 № 13/146 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).15-3. Әлеуметтік көмек жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім – балаларға, интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілеріне коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінген тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлем, табысы есебінсіз ай сайын жалдау ақысы мөлшерінде ұсынылады.
Ескерту. Шешім 15-3 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 07.02.2018 № 13/146 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).16. Алушылардың жекелеген санаттарының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызуүшінмыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіруіне әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болыптабылады.
17. Азаматтарды мұқтаждардың жекелеген санаттарына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесіосы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес бекітіледі.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде осы Қағидалардың 4-қосымшасын басшылыққа алады.
18. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
19. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей Уәкілетті ұйым не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес көрсетіледі.
20. Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар және Семей ядролық сынақ полигонында зардап шеккен тұлғалар біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін Уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) Алынып тасталды- Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 26.03.2020 № 30/347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндерге қолданылған, ақталған адамның куәлігі немесе прокуратура органының, соттың ақталғаны туралы анықтамасы немесе азаматты қылмыстың жекелеген құрамына немесе оқиғасына қатысты ақтаған деп таныған жағдайдағы сот ұйғарымының (қаулысының) көшiрмесiн;
4) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге жеңілдіктер мен компенсация алу құқығын растайтын куәлікті ұсынады.
Ескерту. 20 - тармаққа өзгерістер енгізілді Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 26.03.2020 № 30/347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.21. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзініңнемесе отбасының атынан Уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) Алынып тасталды- Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 26.03.2020 № 30/347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3) Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
Ескерту. 21 - тармаққа өзгерістер енгізілді Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 26.03.2020 № 30/347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.22. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші Уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) Алынып тасталды- Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 26.03.2020 № 30/347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3) Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) алушының санатын растайтын құжаттарды;
6) туу туралы куәлікті;
7) білім қызметін көрсетуге келісімшартты;
8) арнайы шартты (интернатурада немесе резидентурада оқитындар үшін);
9) жергілікті бюджет есебінен білім беру грантын тағайындау туралы куәлік.
Еңбек әулеттерінің үшінші буындағы (дәрігерлер) студенттері қосымша олардың туыстығы мен жоғары санатты маман ретінде еңбек өтілдерін дәлелдейтін құжаттар ұсынады.
Ескерту. 22 - тармаққа өзгерістер енгізілді Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 03.10.2017 № 10/117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.03.2020 № 30/347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.23.Үйде оқитын 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға ай сайынғы әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан Уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) туу туралы куәлікті;
3) Алынып тасталды- Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 26.03.2020 № 30/347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;4) мүгедектігі туралы анықтамасын;
5) жеке оңалту бағдарламасынан үзіндіні;
6) жалпы білім беру мекемесінің анықтамасын;
7) психикалық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын ұсынады.
Ескерту. 23 - тармаққа өзгерістер енгізілді Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 26.03.2020 № 30/347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.23-1. Шипажайлық - курорттық емделуге жолдама алу үшін өтiнiш беруші уәкілетті органға келесідей құжаттарды қоса отырып, өтініш ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
2) Алынып тасталды- Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 26.03.2020 № 30/347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;3) денсаулық сақтау ұйымы берген шипажайлық - курорттық картаның көшiрмесi.
Жолдама Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, олардың жесiрлерiне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек еткен және әскери қызмет өткерген азаматтарға ұсынылады.
Жолдаманы сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Шипажайлық - курорттық емделу Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан арнаулы мекемелерде жүзеге асырылады.
Шипажайлық - курорттық емделуден өту мерзімі он төрт күнді құрайды.
Уәкілетті орган келiп түскен өтiнiштерге сәйкес, Жеткiзушi ұсынған келу
кестесiне сәйкес жолдама алуға азаматтардың тiзiмiн кезектілік тәртібімен жасақтайды.
Шипажайлық - курорттық емделу орнына дейінгі және керi қайту жолақысының құны өтініш берушінің жеке қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
Өтініш беруші шипажайлық - курорттық емдеуден өз еркімен бас тартқан жағдайда, жолдама уәкілетті органға қайтарылуы және кезектілікке сәйкес басқа өтініш берушіге берілуі тиіс.
Шипажайлық - курорттық емделу құқығы күнтізбелік жылда бір реттен артық емес ұсынылады.
Ескерту. Шешім 23-1 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 07.02.2018 № 13/146 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 26.03.2020 № 30/347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.23-2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстауға ақы төлеуге әлеуметтік көмек алуға тұрғылықты жері бойынша төлем жасау үшін, уәкілетті орган алушылардан өтініштерді талап етпей, қызметті жеткізушілердің ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекіткен тізімді жасақтайды.
Ескерту. Шешім 23-2 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 07.02.2018 № 13/146 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).23-3. Жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім - балаларға, интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілеріне коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінген тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлемге әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға келесідей құжаттарды қоса отырып, өтініш ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
2) Алынып тасталды- Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 26.03.2020 № 30/347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;3) жетімдік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шартының көшірмесі.
Ескерту. Шешім 23-3 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 07.02.2018 № 13/146 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 26.03.2020 № 30/347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.24.Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқалардажәне көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
25. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсету үшін өтініш келіп түскен кезде Уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
26. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидалардың 2,3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды Уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округәкіміне жібереді.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастапекі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен Уәкілетті органға жібереді.
27. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспегенжағдайда Уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтердітиісті органдардан сұратады.
28. Өтініш беруші қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда Уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитынөзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
29. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташатабысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
30. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
31. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Үлгілік қағидалардың 17 және 18 тармақтарында көрсетілген жағдайларда Уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішіндеәлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
32. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастапүш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесінкөрсете отырып) өтініш берушініжазбаша хабардар етеді.
33. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбекжәне халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі №237 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде 60303 болып тіркелген) сәйкес есептеледі.
34. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташатабысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
35. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру 451.007.029. "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" және 451.010.015. "Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламалары бойыншақалалық бюджеттің ағымдағы қаржы жылынаарналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмек алушының таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы жеке шотының реквизиттерін көрсете отырып, оның өтініші негізінде жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
36. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Ақтау қаласының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
37. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ережелер
38. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды Уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайданаланаотырып жүргізеді.
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 1- қосымша |
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі және еселігі
Ескерту. 1 - қосымшаға өзгерістер енгізілді Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 26.03.2020 № 30/347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
р/с № | Күні | Атаулы күндер және мереке күндері | Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі |
1 | 21-23 наурыз | Наурыз мейрамы | Жылына 1 рет |
2 |
26 сәуір | 1986 жылғы Чернобыль атом электр станциясындағы апат күні | Жылына 1 рет |
3 | 1 мамыр | Қазақстан халқының бірлігі мерекесі | Жылына 1 рет |
4 | 9 мамыр | Жеңіс күні | Жылына 1 рет |
5 | 1 маусым | Халықаралық балаларды қорғау күні | Жылына 1 рет |
6 | 29 тамыз | Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні | Жылына 1 рет |
7 | 30 тамыз | Қазақстан Республикасының Конституция күні | Жылына 1 рет |
8 | 1 қазан | Халықаралық қарттар күні | Жылына 1 рет |
9 | Қазанның екінші жексенбісі | Қазақстан Республикасындағы мүгедектер күні | Жылына 1 рет |
10 | 16-17 желтоқсан | Тәуелсіздік күні | Жылына 1 рет |
11 | 6 шілде | Астана күні | Жылына 1 рет |
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 2- қосымша |
Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлері және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 26.03.2020 № 30/347 шешімімен( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Атаулы күндер мен мереке күндері | Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары | Әлеуметтік көмек мөлшері |
1 | 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы | "Алтын алқа", "Күміс алқа" салпыншақтарымен марапатталған көп балалы аналар немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежедегі "Ана даңқы" орденімен марапатталғандар. | 4 810 теңге |
Барлық топтағы мүгедектер, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар. | 12 025 теңге | ||
| 26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апат күні | Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар және ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары. | 144 300 теңге |
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар. | 120 250 теңге | ||
1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда. | 48 100 теңге | ||
3 | 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі | Барлық топтағы мүгедектер, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар. | 12 025 теңге |
4 | 9 мамыр – Жеңіс күні | Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері. | 1 000 000 теңге |
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар (Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарынан мүгедек болған адамдардан басқа). | 144 300 теңге | ||
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар (1986-1987 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апат зардаптарын жоюға қатысушылардан басқа). | 120 250 теңге | ||
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар. | 96 200 теңге | ||
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата-аналары және екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi. | 96 200 теңге | ||
Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; | 96 200 теңге | ||
Қайта некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын әрекет жасаушылардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерін қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдері (күйеулері). | 96 200 теңге | ||
5 | 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні | Он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар. | 12 025 теңге |
6 | 6 шілде – Астана күні | Барлық топтағы мүгедектер, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар. | 12 025 теңге |
7 | 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні | Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен тұлғалар. | 20 000 теңге |
8 | 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні | Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар (балаларға). | 19 240 теңге |
Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар. | 144 300 теңге | ||
Маңғыстау облысы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалған, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын тұлғалар. | 86 580 теңге | ||
Барлық топтағы мүгедектер, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар. | 12 025 теңге | ||
9 | 1 қазан – Қарттар күні | 70 жастан асқан зейнеткерлер. | 4 810 теңге |
10 | Қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының мүгедектер күні | Барлық топтағы мүгедектер, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар. | 12 025 теңге |
11 | 16-17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні | Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын – сүргінге қолданған, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, саяси қуғын-сүргіндер құрбандары. | 120 250 теңге |
Ескерту:
аббревиатуралардың ажыратылып жазылуы:
"КСР Одағы"-"Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы";
"Чернобыль АЭС" - "Чернобыль атом электр станциясы".
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 3- қосымша |
Алушылардың жекелеген санаттарының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері
Ескерту. 3 – қосымшаға өзгерістер енгізілді Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 28.10.2019 № 28/293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2020 № 32/375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
р/с | Алушылардың жекелеген санаттарының тізбесі | Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері |
Әлеуметтік көмекке |
1 | Өтініш берген тоқсан алдындағы Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің еселік шамасы 1,5-нан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар өмірлік қиын жағдайға ұшыраған адамдар | 40 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде | Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей, жылына 1 рет |
2 | Уәкілетті ұйымнан әлеуметтік төлем алмайтын,әлеуметтік маңызды аурулары бар: паллиативтік ем алуға мұқтаж онкологиялық науқастар, мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық мекемеден шығарылған, туберкулезден қолдаушы фаза емін алып отырған азаматтар, иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырып алған тұлғаларға әлеуметтік көмек емделу мен қосымша тамақтандыруға – табыс есебінсіз | 26 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде | Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей, жылына 1 рет |
3 | Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен тұлғалар – табысесебінсіз | 50 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде | Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей, жылына 1 рет |
4 | Үйде оқитын 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар | 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде | Ай сайын, жыл ішінде |
5 |
Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін білім беру қызметіне ақы төлеуге күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын (Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында жоғары оқу орындарының интернатура студенттерінен және резидентура тыңдаушыларынан, сондай-ақ дәрігерлер еңбек әулеттерінің үшінші буындағы студенттерінен басқалар), мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіп кешені, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорттың, бұқаралық ақпарат құралдары және коммуникациялар мамандарымен қамтамасыз ету үшін, өтініш берген уақыттың алдыңғы 12 айға, Маңғыстау облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейінің 3 еселік шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардан шыққан, халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына жататын студенттер, оның ішінде: |
Оқу орындары көрсететін білім беру қызметінің ақысы мөлшерінде |
Жылына 1 рет |
6 | Өтініш берген уақыттың алдыңғы 12 айға Маңғыстау облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейінің 3 еселік шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа отбасылық табысы бар, Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін білім беру қызметіне ақы төлеуге күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын мүгедек студенттер |
Оқу орындары көрсететін білім беру қызметінің ақысы мөлшерінде |
Жылына 1 рет |
7 | Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жоғары оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін білім беру қызметіне ақы төлеуге күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын дәрігерлер еңбек әулеттерінің үшінші буындағы студенттері – табысы есебінсіз |
Оқу орындары көрсететін білім беру қызметінің ақысы мөлшерінде |
Жылына 1 рет |
8 | Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын ("Стоматология" мамандығынан басқа) интернатура студенттері, резидентура тыңдаушылары – табысы есебінсіз, жасалған Арнайы шарт негізінде |
Оқу орындары көрсететін білім беру қызметінің ақысы мөлшерінде |
Жылына 1 рет |
9. | Алынып тасталды – Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 19.06.2020 № 32/375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен. | ||
10 | Әлеуметтік көмек адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырып алған балаларға | Қазақстан Республикасы бойынша кемінде 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде | Ай сайын |
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 4- қосымша |
Азаматтарды мұқтаждардың жекелеген санаттарына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі
Ескерту. 4 - Қосымшаға өзгерістер енгізілді Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 07.02.2018 № 13/146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 28/293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
1) шұғыл ем (ота жасау);
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15724 болып тіркелген) сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық деңгейде халықты тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың тізбесіне енбейтін дәрілік заттарды дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысы бойынша алу;
3) отбасы мүшесінің қайтыс болуы;
4) тұрмыстық қажеттілік;
5) Маңғыстау облысы бойынша жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің еселік шамасы 1,5 төмен болғаны;
6) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына) зиян келтіру;
7) өмірлік қиын жағдай туындағанын растайтын тиісті уәкілетті органмен берілген акт немесе басқа да құжаттың бар болуы.
Ақтау қалалық мәслихатының | |
2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 | |
шешіміне қосымша |
Қалалық мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/154 "Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санатттарының тізбесін айқындау туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2338 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіндежарияланған).
2. Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 6 маусымдағы № 21/197 "Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/154 "Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санатттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2473 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіндежарияланған).
3. Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 248/219 "Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/154 "Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санатттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2511 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 қазандағы №173 "Манғыстау" газетінде жарияланған).
4. Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 24 қарашадағы № 25/237 "Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/154 "Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санатттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2570 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қаңтардағы №№ 5-6 "Манғыстау" газетіндежарияланған).
5. Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 3 шілдедегі № 30/284 "Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/154 "Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санатттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2785 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 тамыздағы №№ 140-141 "Манғыстау" газетіндежарияланған).
6. Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 17 мамырдағы № 2/21 "Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/154 "Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санатттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3055 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіндежарияланған).
7. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/155 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуүшін атаулы және мереке күндерінің тізбесін, оны көрсету еселігін бекіту, сондай-ақ әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2339 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіндежарияланған).
8. Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 6 маусымдағы № 21/198 "Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/155 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуүшін атаулы және мереке күндерінің тізбесін, оны көрсету еселігін бекіту, сондай-ақ әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2475 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіндежарияланған).
9. Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 24/220 "Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/155 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуүшін атаулы және мереке күндерінің тізбесін, оны көрсету еселігін бекіту, сондай-ақ әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2512 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 қазандағы №173 "Манғыстау" газетінде жарияланған).
10. Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 3 ақпандағы № 27/261 "Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/155 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуүшін атаулы және мереке күндерінің тізбесін, оны көрсету еселігін бекіту, сондай-ақ әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2625 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіндежарияланған).
11. Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 17 мамырдағы № 2/23 "Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/155 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуүшін атаулы және мереке күндерінің тізбесін, оны көрсету еселігін бекіту, сондай-ақ әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3064 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіндежарияланған).
12. Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 03 шілдедегі № 30/283 "Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2784 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 тамыздағы №№ 140-141 "Маңғыстау" газетіндежарияланған).