Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 6/64 "Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/428 "2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3210 болып тіркелген) сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 35/343 "2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2925 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2016 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 30 676 532,6 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 12 967 708,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 174 253 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 7 758 796 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 9 775 775 мың теңге;
2) шығындар – 25 375 795,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 1 423 958 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 1 423 958 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 3 876 778,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 876 778,9 мың теңге, соның ішінде:
қарыздар түсімі – 1 423 958 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 5 352 822 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 52 085,1 мың теңге.";
2 тармақта:
бірінші, төртінші абзацтар келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 10,9 пайыз;
әлеуметтік салық – 10,7 пайыз.";
4 тармақта:
бірінші, оныншы, он бірінші абзацтар келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1 137 203 мың теңге – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын іске асыруға;
1 866 348 мың теңге - жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделіне көшуге, сондай-ақ оларға ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақыларына ай сайынғы үстемеақы төлеуге;
59 362 мың теңге – мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің еңбекақысын төлеу деңгейін көтеруге;";
6 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Қала әкімдігінің резерві 11 628 мың теңге сомасында бекітілсін.".
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б. Шапқан).
5. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан басталатын қатынастарға қатысты таралады.
Сессия төрағасы | А. Могилин |
Қалалық мәслихат хатшысы | М. Молдағұлов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ақтау қалалық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А. Ким
"9" желтоқсан 2016 жыл
Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/65 шешіміне қосымша |
2016 жылға арналған Ақтау қаласының бюджеті
Санаты | Сомасы, мың теңге | |||
| Сыныбы | |||
| | Iшкi сыныбы | ||
| | | Атауы | |
| | | 1. КІРІСТЕР | 30 676 532,6 |
1 | | | Салықтық түсiмдер | 12 967 708,6 |
| 01 | | Табыс салығы | 4 650 416,8 |
| | 2 | Жеке табыс салығы | 4 650 416,8 |
| 03 | | Әлеуметтік салық | 2 738 588,8 |
| | 1 | Әлеуметтік салық | 2 738 588,8 |
| 04 | | Меншiкке салынатын салықтар | 4 361 063 |
| | 1 | Мүлiкке салынатын салықтар | 3 128 828 |
| | 3 | Жер салығы | 246 558 |
| | 4 | Көлiк құралдарына салынатын салық | 985 445 |
| | 5 | Бірыңғай жер салығы | 232 |
| 05 | | Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар | 881 618 |
| | 2 | Акциздер | 33 295 |
| | 3 | Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер | 289 698 |
| | 4 | Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметті жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар | 508 432 |
| | 5 | Ойын бизнесіне салық | 50 193 |
| 07 | | Басқа да салықтар | 22 |
| | 1 | Басқа да салықтар | 22 |
| 08 | | Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер | 336 000 |
| | 1 | Мемлекеттiк баж | 336 000 |
2 | | | Салықтық емес түсімдер | 174 253 |
| 01 | | Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер | 35 968 |
| | 1 | Мемлекеттiк кәсiпорындардың таза кiрiсі бөлiгiнің түсiмдері | 5 579 |
| | 5 | Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер | 25 631 |
| | 9 | Мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер | 4 758 |
| 02 | | Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткiзуiнен түсетін түсiмдер | 159 |
| | 1 | Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткiзуiнен түсетін түсiмдер | 159 |
| 03 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері | 687 |
| | 1 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері | 687 |
| 04 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 24 996 |
| | 1 | Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 24 996 |
| 06 | | Басқа да салықтық емес түсiмдер | 112 443 |
| | 1 | Басқа да салықтық емес түсiмдер | 112 443 |
3 | | | Негізгі капиталды сатудан түсетiн түсімдер | 7 758 796 |
| 01 | | Мемлекеттiк мекемелерге бекітілген мемлекеттiк мүлiктi сату | 7 029 796 |
| | 1 | Мемлекеттiк мекемелерге бекітілген мемлекеттiк мүлiктi сату | 7 029 796 |
| 03 | | Жерді және материалдық емес активтерді сату | 729 000 |
| | 1 | Жерді сату | 605 000 |
| | 2 | Материалдық емес активтерді сату | 124 000 |
4 | | | Трансферттердің түсімдері | 9 775 775 |
| 02 | | Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер | 9 775 775 |
| | 2 | Облыстық бюджеттен түсетін трансферттер | 9 775 775 |
Функционалдық топ | Сомасы, мың тенге | |||
| Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі | |||
| | Бағдарлама | ||
| | | Атауы | |
| | | 2. ШЫҒЫНДАР | 25 375 795,7 |
01 | | | Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 290 404 |
| 112 | | Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аппараты | 22 002 |
| | 001 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 21 592 |
| | 003 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 410 |
| 122 | | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты | 145 015 |
| | 001 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 96 522 |
| | 003 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 48 493 |
| 123 | | Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты | 42 854 |
| | 001 | Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 21 956 |
| | 022 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 850 |
| | 032 | Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары | 20 048 |
| 452 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі | 39 085 |
| | 001 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін орындау және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 22 703 |
| | 003 | Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу | 6 671 |
| | 010 | Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу | 9 461 |
| | 018 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 250 |
| 453 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі | 14 639 |
| | 001 | Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 13 789 |
| | 004 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 850 |
| 475 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі | 26 809 |
| | 001 | Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығы мен ветеринарияны дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 25 897 |
| | 003 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 912 |
02 | | | Қорғаныс | 53 770 |
| 122 | | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты | 53 770 |
| | 005 | Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар | 28 870 |
| | 006 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою | 24 900 |
03 | | | Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі | 57 227 |
| 485 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | 36 159 |
| | 021 | Елдi мекендерде жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету | 36 159 |
| 499 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі | 21 068 |
| | 001 | Жергілікті деңгейде азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 21 068 |
04 | | | Білім беру | 9 535 025 |
| 464 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі | 9 452 745 |
| | 001 | Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 31 816 |
| | 003 | Жалпы білім беру | 5 614 912 |
| | 005 | Ауданның (облыстык маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу | 206 900 |
| | 006 | Балаларға қосымша білім беру | 378 712 |
| | 007 | Аудандық (қалалық) ауқымдағы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткiзу | 26 982 |
| | 009 | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету | 1 821 864 |
| | 012 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 2 150 |
| | 015 | Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынғы ақшалай қаражат төлемі | 46 005 |
| | 022 | Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алғаны үшін Қазақстан азаматтарына біржолғы ақша қаражатын төлеуге арналған төлемдер | 319 |
| | 040 | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға | 1 241 187 |
| | 067 | Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары | 81 898 |
| 467 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі | 82 280 |
| | 024 | Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау | 78 505 |
| | 037 | Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту объектілерін салу және реконструкциялау | 3 775 |
06 | | | Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру | 1 428 634 |
| 123 | | Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты | 1 176 |
| | 003 | Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету | 1 176 |
| 451 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі | 1 418 008 |
| | 001 | Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 60 804 |
| | 002 | Жұмыспен қамту бағдарламасы | 208 513 |
| | 005 | Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек | 23 161 |
| | 006 | Тұрғын үйге көмек көрсету | 77 384 |
| | 007 | Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек | 717 172 |
| | 010 | Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету | 9 658 |
| | 011 | Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу | 3 166 |
| | 013 | Белгіленген тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу | 46 581 |
| | 014 | Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету | 118 201 |
| | 016 | 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар | 12 120 |
| | 017 | Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету | 120 783 |
| | 025 | Өрлеу жобасы бойынша келісілген қаржылай көмекті енгізу | 20 465 |
| 464 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі | 8 658 |
| | 030 | Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағу | 8 658 |
| 485 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | 792 |
| | 050 | Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру | 792 |
07 | | | Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық | 7 396 812,7 |
| 123 | | Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты | 73 766 |
| | 008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 2 862 |
| | 009 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 11 033 |
| | 011 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 10 400 |
| | 014 | Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру | 42 591 |
| | 027 | Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу және абаттандыру | 6 880 |
| 463 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлімі | 22 772 |
| | 016 | Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алу | 22 772 |
| 467 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі | 4 704 217,7 |
| | 003 | Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау | 1 567 497 |
| | 004 | Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру | 2 627 264,7 |
| | 005 | Коммуналдық шаруашылығын дамыту | 5 350 |
| | 006 | Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту | 31 670 |
| | 007 | Қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамыту | 149 380 |
| | 025 | Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды сатып алу | 323 056 |
| 487 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі | 1 521 577 |
| | 001 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қоры саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер | 28 154 |
| | 003 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 1 569 |
| | 017 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 564 857 |
| | 025 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 242 292 |
| | 026 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу жүйелерін қолдануды ұйымдастыру | 1 906 |
| | 030 | Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру | 669 423 |
| | 031 | Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу | 13 376 |
| 497 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі | 1 069 435 |
| | 001 | Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер | 21 857 |
| | 003 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 160 |
| | 025 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 269 305 |
| | 026 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу жүйелерін қолдануды ұйымдастыру | 9 906 |
| | 030 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 262 309 |
| | 031 | Кондоминиум объектілеріне техникалық паспорттар дайындау | 11 476 |
| | 034 | Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу | 5 846 |
| | 035 | Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру | 486 136 |
| | 049 | Көп пәтерлі тұрғын үйлерде энергетикалық аудит жүргізу | 2 440 |
| 479 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй инспекциясы бөлімі | 5 045 |
| | 001 | Жергілікті деңгейде тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 3 646 |
| | 005 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 1 399 |
08 | | | Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік | 589 210 |
| 455 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі | 321 576 |
| | 001 | Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 12 793 |
| | 003 | Мәдени-демалыс жұмысын қолдау | 252 910 |
| | 006 | Аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі | 45 148 |
| | 007 | Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту | 5 725 |
| | 032 | Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары | 5 000 |
| 456 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі | 131 642 |
| | 001 | Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 31 066 |
| | 002 | Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер | 24 933 |
| | 003 | Жастар саясаты саласында іс-шараларды iске асыру | 75 643 |
| 465 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) дене шынықтыру және спорт бөлімі | 48 349 |
| | 001 | Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 15 592 |
| | 006 | Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткізу | 20 444 |
| | 007 | Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы | 12 313 |
| 467 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі | 87 643 |
| | 008 | Спорт объектілерін дамыту | 87 643 |
09 | | | Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану | 2 676 181 |
| 467 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі | 2 672 211 |
| | 009 | Жылу-энергетикалық жүйені дамыту | 2 608 737 |
| | 036 | Газ тасымалдау жүйесін дамыту | 63 474 |
| 487 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі | 919 |
| | 009 | Жылу-энергетикалық жүйені дамыту | 919 |
| 497 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі | 3 051 |
| | 009 | Жылу-энергетикалық жүйені дамыту | 3 051 |
10 | | | Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары | 51 828 |
| 453 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі | 447 |
| | 099 | Мамандардың әлеуметтік көмек көрсетуі жөніндегі шараларды іске асыру | 447 |
| 475 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі | 26 029 |
| | 006 | Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру | 50 |
| | 007 | Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру | 8 185 |
| | 012 | Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу | 17 794 |
| 463 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлімі | 25 352 |
| | 001 | Аудан (облыстық манызы бар қала) аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 23 952 |
| | 007 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 1 400 |
11 | | | Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі | 104 983 |
| 467 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі | 32 082 |
| | 001 | Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 32 082 |
| 468 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет және қала құрылысы бөлімі | 72 901 |
| | 001 | Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 20 538 |
| | 003 | Аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу | 50 795 |
| | 004 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 1 568 |
12 | | | Көлік және коммуникация | 2 524 672 |
| 485 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | 2 524 672 |
| | 001 | Жергілікті деңгейде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 50 144 |
| | 022 | Көлік инфрақұрылымын дамыту | 835 244 |
| | 023 | Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 794 714 |
| | 025 | Көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыру | 126 456 |
| | 032 | Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары | 224 120 |
| | 045 | Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу | 493 994 |
13 | | | Басқалар | 568 446 |
| 123 | | Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты | 48 868 |
| | 040 | "Өңірлерді дамыту" Бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру | 48 868 |
| 475 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі | 1 550 |
| | 014 | Кәсіпкерлік қызметті қолдау | 1 550 |
| 452 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі | 11 628 |
| | 012 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві | 11 628 |
| 453 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі | 11 400 |
| | 003 | Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу | 11 400 |
| 467 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі | 495 000 |
| | 077 | Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамыту | 495 000 |
14 | | | Борышқа қызмет көрсету | 389,6 |
| 452 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі | 389,6 |
| | 013 | Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету | 389,6 |
15 | | | Трансферттер | 98 213,4 |
| 452 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі | 98 213,4 |
| | 006 | Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару | 95 351,4 |
| | 051 | Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер | 2 862 |
| | | 3. ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕУ | 1 423 958 |
| | | Бюджеттік кредиттер | 1 423 958 |
07 | | | Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық | 1 423 958 |
| 467 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі | 1 423 958 |
| | 003 | Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау | 1 423 958 |
| | | Бюджеттік кредиттерді өтеу | 0 |
| | | 4. ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІМЕН ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО | 0 |
| | | Қаржы активтерін сатып алу | 0 |
| | | Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер | 0 |
| | | 5. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТІ) | 3 876 778,9 |
| | | 6. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ПРОФИЦИТІН ПАЙДАЛАНУ) | -3 876 778,9 |
| | | Қарыздар түсімі | 1 423 958 |
| | | Қарыздарды өтеу | 5 352 822 |
| | | Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | 52 085,1 |