Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы №27/282 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 наурыздағы № 33/350 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 06 сәуірде № 3000 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 14/137 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.04.2022 № 14/137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 10-11-147 ақпараттық хатының негізінде, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 27/282 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2795 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 тамызда жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспе бөлімі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты

      ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Есенқосов).

      3. Қарақия аудандық мәслихатының аппарат басшысы (Р.Ибраева) Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, осы шешімнің "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ.Көшенов
     
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А.Мееров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

      Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау облысы

      бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Қарақия ауданы бойынша мемлекеттік кірістер

      басқармасы" республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Абилов Баймұрат Көбейұлы

      15 наурыз 2016 жыл.


      "Қарақия аудандық жер қатынастары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесі басшысының

      міндетін атқарушы

      Атадусов Айдар Аймырадұлы

      15 наурыз 2016 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады