Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 146 "Қарақия ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 181 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 шілдеде № 3081 болып тіркелді. Күші жойылды- Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 312 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 21.11.2016 № 312 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі №146 "Қарақия ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2276 болып тіркелген, "Қарақия" газетінде 2013 жылғы 25 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасында:
      бүкіл мәтін бойынша "село", "селосы", "селолық" деген сөздер тиісінше "ауыл", "ауылы", "ауылдық" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
      2. "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.Таубаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Бековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Дауылбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қарақия аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      Атагараев Дуйсенбай Айткалиевич
      14 маусым 2016 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады