Құрық ауылы әкімінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 541 "Құрық ауылы әкімінің 2008 жылғы 20 тамыздағы № 91 "Құрық ауылы аумағынан жаңа тұрғын үй салу үшін дайындалған жерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы әкімінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 191 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 желтоқсанда № 4355 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 4 маусымдағы № 05-10-1035 ақпараттық хатының негізінде Құрық ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Құрық ауылы әкімінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 541 "Құрық ауылы әкімінің 2008 жылғы 20 тамыздағы № 91 "Құрық ауылы аумағынан жаңа тұрғын үй салу үшін дайындалған жерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3241 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Құрық ауылы әкімінің 2008 жылғы 20 тамыздағы № 91 "Құрық ауылы аумағынан жаңа тұрғын үй салу үшін дайындалған жерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы";

      1 тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Құрық ауылы әкімінің 2008 жылғы 20 тамыздағы № 91 "Құрық ауылы аумағынан жаңа тұрғын үй салу үшін дайындалған жерге атау беру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-4-65 болып тіркелген, 2008 жылғы 16 қыркүйектегі "Қарақия" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Құрық ауылының әкімі Г. Салихов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады