Манғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы №15/127 "Манғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 08 шілдедегі № 3/25 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 01 тамызда № 3104 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/52 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 21.10.2016 № 5/52 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына сәйкес, сонымен қатар Манғыстау облысының Әділет департаментінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 10-11-1781 ақпараттық хатының негізінде, Манғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Манғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы №15/127 "Манғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2367 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 наурызда №11 "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
      Манғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:
       "1. Жалпы ережелер" бөлімінде:
      1 тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
       "9) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Манғыстау облысы бойынша филиалы – "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" департаменті, Манғыстау аудандық бөлімшесі;".
      2. Маңғыстау аудандық аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Манғыстау аудандық мәслихатының әлеуметтік және заңдылық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы С.Қапашұлы).
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Б.Құсымбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Сарбалаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Манғыстау аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Каимова Сәнімгүл Нахыпқызы
      "8" 07 2016 ж

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады