Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/111 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 08 шілдедегі № 4/32 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 05 тамызда № 3116 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 50/369 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 10.12.2020 № 50/369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 10 бабының 3 тармағына, 24 бабының 6 тармағына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2016 жылғы 13 мамырдағы ұсынысының негізінде, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/111 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2330 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 қаңтарда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:

      3 тармақтың 7) және 8) тармақшалары келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);";

      "8) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы - "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" департаменті (бұдан әрі - Орталық);".

      2. Түпқараған аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Ізбен) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы А.Берішбаева) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы А.Досанова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту,

      әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық

      хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік

      мекемесі басшысының міндетін атқарушы

      Г.Бекбосинова

      8 шілде 2016 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түпқараған аудандық экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Ж.Төлеген

      8 шілде 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады