Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі № 4/33 "Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 31/212 "Отбасының (азаматтардың) белсенділігін арттыру үшін келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3123 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 тамызда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Түпқараған аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Ізбен) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы А.Берішбаева) жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б.Төлешов |
Аудандық мәслихат хатшысы | А.Досанова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түпқараған аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Г.Берішбаева
29 қараша 2016 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түпқараған аудандық экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысының міндетін
атқарушы
А.Исатаева
29 қараша 2016 жыл