1. Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 475 "Облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6151 тiркелген, 2016 жылғы 17 ақпанда "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережеде:
11-тармақ мынадай мазмұндағы он сегiзінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақ ұлты өкілдерін наградтау кезінде егер жеке куәлік құжатында тегі, аты, әкесінің аты орыс тілінде көрсетілген жағдайда, қазақ тіліндегі мәтінде қазақ тіліндегі транскрипциясы көрсетіледі.";
16-тармақ мынадай мазмұндағы он сегiзінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақ ұлты өкілдерін наградтау кезінде егер жеке куәлік құжатында тегі, аты, әкесінің аты орыс тілінде көрсетілген жағдайда, қазақ тіліндегі мәтінде қазақ тіліндегі транскрипциясы көрсетіледі.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Д. Космухамбетова |
Қостанай облыстық | |
мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |
Қостанай облысының әкімі
__________ А. Мұхамбетов